Республикалық Мағжан оқулары байқауының аудандық кезеңі
Республикалық Мағжан оқулары байқауының аудандық кезеңінің "Жасынан оқу оқып, өнер қуған..." ғылыми жоба жұмысы бойынша мектебіміздің оқушысы Абдирахманова Іңкар "Бас жүлдені" жеңіп алды.
Жетекшісі Нұржауған Берекенова.
Аталған сайыстың "Мағжан поэзиясы - метафоралық бейнеде" шығармашылық жұмысы бойынша Нұрлан-бек Бақытнұр ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі Құдабаева Гүлбаршын.
"Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Бұрхан Назерке ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі Оразбай Назгүл.
Жетекшілері мен оқушыларды құттықтаймыз
Жарияланған күні: 12-04-2022
15-05-2020 "Ата-ана. Мектеп. Оқушы. Идеал және шындық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

"Құрық орта мектеп-гимназияында" қашықтықтан "ZOOM" бағдарламасы арқылы мектеп басшысы Гүлмира Сәбитқызының ұйымдастыруымен "Ата-ана. Мектеп. Оқушы. Идеал және шындық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
29-04-2020 Қашықтықтан оқытудағы үй жұмысын орындау әдіс-тәсілдері

Оқу тәрбие жұмысының барлық процесі мұғалім арқылы беріледі. Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының алған білімінің терең де, тиянақты болуын қадағалау. Оқытуда қолданылған барлық әдістер мен тәсілдер осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
29-04-2020 Қашықтан оқыту - білімге талпыныс

Әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар бүкіл адамзат баласын дүр сілкіндірді. Еліміздің карантинге жабылуы, барлық жұмыстардың тоқтауы- біздер үшін күтпеген жаңалық еді.
28-04-2020 ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ІV-тоқсан білім алушыларға уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданған болатын.Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де,білім алушылар үшін де оңай шаруа емес,біраз күш қуатты талап ететіні белгілі.
28-04-2020 АЛҒЫС АЙТАМЫН!

Бұл індет Қазақстан халқын да айналып өтпеді. Тарихтың беттерін ақтарсақ, халқымыздың басынан небір зұлмат күндер өткені белгілі. Халқымыз сол қиыншылықтарды асқан төзімділігі мен сарқылмас сабырының арқасында, бірлігі мен ерлігінің арқасында жеңіп отырған. Жұртымыз қашанда бірлік пен тұтастықты бірінші орынға қойған.
25-04-2020 Қашықтықтан оқыту – уақыт талабы!

Бүкіл әлемге тараған COVID-19 пандемиясының салдарынан тұңғыш Елбасы жариялаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бүгінгі таңда «Қашықтықтан оқыту» кезінде шын мәнінде жүзеге асып отыр. Бұл індет келмей тұрып, әлеуметтік желілерді халықтың бірі қолданса, енді бірі аса қатты мән бермейтін еді. Карантин енгізілгеннен бастап білім саласында үлкен өзгеріс орын алды. Уақыттың талабы сол – қайткенде де оқушыларға үйде отырып білім берудің жаңа форматтары жасақталып, кеңінен ұсынылды.
24-04-2020 «ОҚУ ҮДЕРІСІ ЖАҢА ФОРМАТТА»

Қазіргі таңда бүкіләлемдік пандемия және еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, түрлі қызмет орындары мен білім ошақтары қашықтықтан жұмыс жасап жатқаны белгілі. Осы ретте еліміздің білім мекемелерінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, компьютерлік желілер арқылы жаңа бағыттағы әдістемелерді жүргізу жүзеге асып келеді.
19-04-2020

"БІЗ БІРГЕМІЗ!" тақырыбында отбасылық суретшілер онлайн-байқауы
03-03-2020 «Көңілді тапқырлар алаңы»

...
03-03-2020 "Қамқорлық" акциясы

"Құрық орта мектеп-гимназиясында" “жалпы оқыту айлығы” мен “Қамқорлық” мектепішілік акциясы 27-қаңтар мен 10-ақпан аралығында өткізілді және аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.