Серекбаева Кумисай Алимбаевна
Серекбаева Кумисай Алимбаевна «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ-сінде 2013 жылдан бері технология пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Осы 10 жылдың ішінде өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Еңбек жолында оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берумен қатар өз тәжірибесімен әріптестеріне үлгі бола білді. Мінезі салмақты, үнемі өзгеге қол ұшын беруге даяр тұрады. Ұстаздың теориялық білімі, кәсіптік даярлығы жоғары, өз пәнін шебер меңгерген. Оның шығармашылықпен еңбек ететіні, терең білімі өткізген сабақтарынан байқалып отырды. Оқушылардың ізденгіштігін, шығармашылығын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келді. Еңбек өтілі 39 жыл.
Қарақия аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты (2018жыл); Аудан әкімінің «Алғыс хат» (2020, 2021ж); Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы» (2019ж); жыл)
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Алғыс хат» (2023ж.) Халықаралық «TotalEnergies» білім беру аясында ұлттық әлеуметтік компаниясы белсенді қолдау көрсеткені үшін «Алғыс хат» (2022ж.) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды (2021ж.)
Серекбаева Кумисай Алимбаевна технология пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, шығармашылық ізденіске баулуда, оқушылардың ғылыми жұмыспен шұғылдануында көптеген жұмыстар атқарып, оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Оқушылары Республикалық «Алтын қазына» сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауында оқушысы аудан, облыс, республикаға дейін шығып, жүлделі орындармен марапатталды. Халықаралық «TotalEnergies» білім беру аясында ұлттық әлеуметтік компаниясы ұйымдастырумен Турция мен Юнеско федерациясы қосылып өткізген «Түркі әлемі жас суретшілер көзімен» байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. (2023ж).
«Кәсіптік білім берудің негізі» тақырыбында әдістемелік құрал шығарылып, облыста таратылды.(2019ж.) Республикалық 6-сыныпқа арналған «Көркем еңбек негіздері» бағдарламасын жасақтап, республика көлемінде таратылды. Халықаралық дәрежеде өткізілетін «Үздік авторлық жоба» атты республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды, (2020ж)
Диплом. Сертификат. Үздік авторлық жоба. Республика көлемінде таратылған озық іс-тәжірибем 2020ж, Облыстық «Технология пәні-кәсіптік білім берудің негізі» тақырыбындағы семинарда өз тәжірибесін бөліскені үшін сертификат, «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесінде өз тәжірибесін бөліскені үшін Сертификат
Серекбаева Кумисай Алимбаевнаны "Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен" марапаттауға ұсынылады.
18-09-2023

13-09-2023

06-09-2023
"Мағжан жыры -мәңгілік" атты мұғалімдер арасындағы эссе байқауы өткізілді.

28-06-2023
Көбегенов Арқарбай Жәңгірханұлы

28-06-2023

28-06-2023

28-06-2023

24-03-2023

09-03-2023

28-02-2023

Соңғы жаңалықтар

“Жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында” 15.09.2023 жыл “Қауіпсіз білім беру ұйымы атты” жалпы ат ...
18 қыркүйек 2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқулықтармен бірге көптеген әдеби-көркем әдебиеттер алынды. ...
13 қыркүйек 2023

Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz